Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған 30 бас мал өз иелеріне қайтарылды

Шымкентте «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында мал ұрлықтарына талдау жасалып, осы ұрлықтар көп орын алған жерлер анықталды және іс-шаралар өткізу барысында негізгі күштер мен құралдар сол аймаққа бөлінді.

Қала көлеміндегі барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда іс-шара барысында ет өнімдерін алып сататын 132 дүкен, ет тасмалдайтын 81 автокөлік және 43 қасапшы тексерілді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалпы 30 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды.

Шымкент қаласы көлеміндегі мал ұрлықтарына қарсы күресу жұмыстарын жандандыруға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру