Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасын жалғастыруда

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 7 қыркүйектен бастап Жамбыл облысының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шаралардың мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сондай-ақ азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

– Аталған іс-шаралар аясында, облыс аумағында тұрғылықты жері бойынша айналымда атыс қаруы бар 8 290 адам тексерілді. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-не сәйкес, атыс қаруын сақтау ережелерін бұзудың 210 жағдайы жойылды. Бұдан басқа, азаматтарда қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз сақтауда тұрған заңсыз атыс қаруының 89 бірлігі тәркіленді. Процессуальдық шешім қабылдау және барлық тәркіленген қарудың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Сонымен қатар, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 29 647 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Оның ішінде, 707- тұрмыстық саладағы заңнаманы бұзу, 58 – өз балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау, 1 458-ұсақ бұзақылық, 144 – қорғау нұсқамасын бұзу, 3 109 – қоғамдық орында мас күйінде болу, 5 293 – паспортсыз немесе жеке куәліксіз тұру және ҚР заңнамасын өзге де бұзушылықтар деректері анықталды.
Бұдан басқа, 44 жағдайда кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалануына жол берілмеді, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін көңіл көтеру орындарының 78 иесі жауапкершілікке тартылды, қаңғыбастығы үшін 930 жасөспірім ІІО-ға жеткізілді, оның 215 – і бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
Облыс аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда, жедел-алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады, – деді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрім.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру