Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

30 жылдан астам құжатсыз жүрген ақсақалдар құжат алды

Түркістан облысы полиция департаменті Көші-қон қызметінің полицейлері 30 жылдан астам құжатсыз жүрген ақсақалдардың құжатын дайындап, үйіне апарып табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық Полиция бөлімдерімен жүйелі түрде жұмыстар атқарылуда. Түлкібас АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері ескі үлгідегі 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатымен 30 жылдам астам тұрып жатқан, Карманов Калибек және Джумадилов Абдимурат ағаларымызға арнайы барып, жеке куәлігін табыстады.
Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке риза болып, полицейлерге деген алғысын білдірді. Түркістан облысының полицейлері Республика көлемінде өткізіліп жатқан акция шеңберінде облысымызда құжатсыз жүрген азаматтарды қайта ҚР жеке куәлігімен рәсімдеуге көмектесуде, бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру