Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған телефон иесіне қайтарылды

Отырарлық полицейлер егде жастағы әйелдің ұялы телефонын тауып беріп, алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын егде жастағы әйел арызданады. Ол өзінің арызында, Сарыкөл ауылынан Отырар ауданына жолға шықпақ болып жолда такси тоқтатқанын жеткізді. Көліктен түскен соң қалтасындағы ұялы телефоны түсіп қалғандығын байқайды. Содан полицейлерге шағымданады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Әйелдің жүрген жолын тексерді. Көрген білген азаматтардан сұрастырды. Нәтижесінде жол патрульдік полиция тобының инспекторы Нұрсұлтан Сейдахметов бейнекамера арқылы әйелдің мінген көлігін анықтап, жоғалған ұялы телефонды иесіне табыстады. Ал көлік жүргізушісі болса ұялы телефонды байқамағандығын айтты.
Арызданушы әйел ұялы телефоны табылғанына қатты қуанып полицейлерге алғысын айтты.

– Мен өзімнің ұялы телефонымды жоғалтып алған едім. Өзім іздеп таба алмаған соң полицейлерден көмек сұрадым. Ұялы телефонымды тауып берген Нұрсұлтан Сейдахметов мырзаға үлкен рахметімді айтамын, – деп өз алғысын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға ұялы телефондарыңыз бен әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ қалта ұрыларының көзіне бағалы заттарыңыз түспес үшін ішкі қалтатаңызға, аузы жабық сөмкеге салып қойыңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру