Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

300-ге жуық полицей қорғаныс костюм алды

Алматы полициясы 300-ге жуық қорғаныс костюмдерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын ҚР Ішкі істер Министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлеріне арнайы қорғаныс киімдерін ұсынды.

“Күн сайын 25 мыңға жуық полиция қызметкері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен құтқарушылары жұмысқа кіріседі. Барлығы үшін қиын жағдайда, пенитенциарлық жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Менің тапсырмам бойынша құрылған құралдар төтенше жағдай кезінде тәулік бойы қызметтік міндеттерін атқаратын қызметкерлеріміздің денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді”, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Алматыда, біріншіден, карантин аймағының периметрі бойынша 27 бақылау-өткізу пунктінде қызмет ететін полиция қызметкерлері киеді.

“Бұл киімдерді ішкі істер Министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ресурстары жасады. Бүгін бізде 280 жиынтық бар, алдағы уақытта олардың санын 350-ге жеткіземіз. Бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп жүрген Алматы гарнизонының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері қорғаныс киімдерін киді. Күн сайын олар азаматтармен тығыз байланыста болады, олардың арасында “қауіп тобына” кіретін адамдар да болуы мүмкін. Бұл полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлермен қатар жұқтыру қаупі өте жоғары. Олар азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Карантиндік шаралар басталған сәттен бастап ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері периметрдің айналасында да, қала ішінде де медициналық маскаларды, бір рет қолданылатын қолғаптар мен антисептикалық құралдарды жеке қорғаныс құралы ретінде қолдана бастағанын атап өтемін. Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген”, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Қалалық полиция басшысының айтуынша, Алматыдағы карантиндік іс-шараларға Полиция департаментінің жеке құрамынан, Ұлттық ұлан мен қорғаныс министрлігінен алты мыңға жуық адам тартылған. Әзірлеген 997 жаяу патрульдеу бағыттарында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру