Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алты күнде 100-ден аса құқық бұзушылық анықталды

Петропавлда алты күнде төтенше жағдай режимінің 106 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 440-бабы бойынша 1378 бұзушылық тіркелді. Анықталған фактілердің көпшілігі – басқа да құқық бұзушылықтарды, қылмыстарды және тіпті қайғылы оқиғаларды дер кезінде алдын алуға мүмкіндік берді.

Карантин жағдайында солтүстікқазақстандық полицейлер ерекше режимде жұмыс істеп жатыр: күн сайын облыс орталығын патрульдеу үшін 500-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметші түседі. Медициналық бетперде таққан масаң күйдегі қалалықтар да көшеде кездесіп қалатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

Түнгі сағат 21 шамасында Н.Назарбаев-Шәжімбаев көшелерінің қиылысында полицияның рейдтік тобы Ярослав Гашек көшесіне қарай бет алған ер адамды байқайды. Жағдайды нақтылау барысында, 52 жастағы петропавлдықтың таныстарынан шығып, үйіне кетіп бара жатқаны белгілі болды. Одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрғандықтан, ер адам уақытша бейімделу және детоксикация бөлімшесіне жеткізілді. Петропавл қ. ПБ № 11 УПП учаскелік полиция инспекторы Әділ Шаймергеновтің айтуынша, медициналық куәландыру азаматтың орташа масаң күйде болғандығын, сондықтан ол айыққанға дейін бөлімшеге орналастырылған. Ер адам қалада карантиндік шаралар енгізілгенін білген, бірақ қандай жағдайда ішімдік ішкені жайлы түсіндіре алмады.

Аталған факті жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша материал жинақталып, сотқа жіберіледі.

Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, облыс орталығында карантин жарияланған күннен бастап төтенше жағдай режимінің 106 бұзушылығы анықталған. Бұл ретте, тәртіп сақшыларының басты мақсаты хаттамалардың санын көбейту емес, керісінше азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың өмірлері мен денсаулықтарын сақтау.

Полицейлер қоғамдық орындарда масаң күйде серуендеу мас адамдардың тарапынан құқық бұзушылық жасау қаупін арттырып қана қоймай, оларға қатысты қылмыстың жасалу мүмкіндігін тудыратынын атап өтті. Сондықтан төтенше жағдай және карантиндік шаралар кезінде қоғамдық орындарда болуды барынша азайту керек, ал масаң күйде серуендеуге мүлдем жол бермеген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру