Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ режимі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қызылордада төтенше жағдай режимі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлеріне тұрғындар өз алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Бүгінгі таңда Қызылордада карантин режимі күшейтілді. Тұрғындарға қала бойынша жүрулеріне шектеу қойылып, тек жұмыс орнынан анықтама немесе өзімен бірге қызметтік куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.


Шектеу шаралары шеңберінде патрульдік полицейлер және учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында ТЖ режимі бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, қала бойынша, сондай-ақ жеке сектордағы үйлерге автопатрульдеу жүргізілуде, онда қызметтік автокөліктің дауыс ұлғайтқышы арқылы қауіпті инфекцияны таратпау мақсатында осы режим
бойынша барлық талаптарды мүлтіксіз сақтау туралы азаматтарды хабарландырды.


100-ге жуық полиция қызметкерлері мен 84 әскери қызметші қалада шектеу шараларының сақталуын бақылап келеді. Төтенше жағдай режимін қасақана бұзған жағдайда құқық бұзушылар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.


Қызылорда қаласы “Саяхат” мөлтек ауданының №13 учаскелік полиция пункті инспекторларының жұмысын атап өту қажет, оның ішінде, полиция қызметкерлері Жарқын Талқанбаев, Ержан Жұмағұлов және Айдос Бекболатұлы.


Әлеуметтік желілерде тұрғындар өздерінің учаскелік полицейлеріне осындай қиын уақытта мінсіз қызметі үшін алғыстарын білдірді. Қазіргі уақытта қала ішінде орнатылған төрт бақылау бекетінде жағдай тұрақты. Алайда, төтенше жағдай режимін бұзу деректері азаймай отыр.


Бұл ретте тұрғындардан ТЖ режимін қатаң сақтауларын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру