Орман шаруашылығында атылған қасқыр
Ақмола облысында ер адам қасқырды атып өлтірді, қазіргі уақытта облыста жыртқышты атуға мораторий жарияланған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық негізінде тіркелді.
57 жастағы Степногорск қаласының тұрғыны «Лесостепное» орман шаруашылығының аумағында қасқырды атып өлтірген. Аңшының айтуынша, орман шаруашылығында жабайы қабанның таланған денсін тапқан. Ізімен жүріп келіп, қашып баражатқан қасқырды байқап, жыртқыштың бүйірінен екі рет оқ атқан. Қасқырдың өлгеніне көз жеткізіп, машинасының жүксалғышына салып алған.
Бұл жануарлардың популяциясының азаюына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында шектеулер енгізілгенін, яғни қасқырларды атуға мораторий жарияланған. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында және БҚО-да қасқырларды өлтіруге рұқсат етіледі, егер олар малға шабуыл жасау және жеке тұлғалардың елді мекендер аумағына кіру фактілері болса.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтардан бастап облыс аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Өткен мерзімде экологиялық полиция қызметкерлері 140 әкімшілік және 5 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.
«Сондай-ақ, жедел іздестіру шаралары кезінде мобильді топтар 12 қару заңсыз айналымнан алынды, 30 қаруды алып жүру және сақтау ережелерінің бұзылуы мен 78 – аң аулау, 30 – балық аулау ережелерінің әкімшілік бұзылуы да анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда », – дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.