Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жанармай бекетіндегі оқиға күдіктілері қамауға алынды

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші арызында Жылға-Сарыағаш тас жолының бойында орналасқан жанармай құю бекетінде сағат шамамен түнгі 01:50-лерде белгісіз жас жігіттер келіп, автокөліктеріне 2000 теңгеге жанармай құйдыртады. Содан соң жұмысшы төлемақысын сұрағанда, күдіктілер қорқытып, қашып кеткенін айтып, көрсетеді.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы “Тонау” бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер хабар алысымен тез арада күдіктілерді ұстау әрекетіне көшеді. Оқиға орнына келіп, куәгерлерден сұрастырып, барлық
қажетті іс-шараларды жүргізді. Полицейлер күдіктілердің нөмірсіз көлігінің
қашқан бағытына қарай іздестіреді.

Осылайша Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ УПИ полиция капитандары Н.Құдайбергенов, А.Уәлиев және полиция майоры Б.Қожабековтер жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде, кешкі сағат 17:00-лер шамасында күдіктілер ұсталды.Тергеу барысында күдікті жас жігіттердің екеуі де жергілікті тұрғындар екені анықталды. Олар Сарыағаштан ауылдарына қайтып келе жатып, жанармайлары таусылған соң, нөмірлерін жасыру мақсатында шешіп қойып, аталмыш май құю бекетіне келіп, жұмысшыға май құйдыртып, төлемей қашып кеткен болып шықты.Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Түркістан облысы полицейлері түнгі уақытта да жұмыс жасайтын сауда орындарына да, жанармай құю бекеттеріне, жалпы кәсіпкерлерге өз сауда орындарыңызды жарықтандырып,дабылқаққыш камераларын орнатуға кеңес береді. Егерде сізді белгісіз азаматтар қорқытса немесе осындай жәйттің куәсі болсаңыз, шұғыл полицияның “102” нөміріне
хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру