Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан сақшысы күдіктіні ұстады

Өскемен қаласының тұрғыны қайырымдылық көмек үшін жиналған қораптағы ақшаны ұрлағаны белгілі болды.

23 қаңтарда, шамамен 19 сағат 30 минутта облыстық орталық полиция бөлімінің ООБ ның 102-каналына ер адамның “Император” сауда үйіне кіріп, қайырымдылық қорабын білдіртпей ашып, белгісіз бағытқа бет алғандығы туралы хабарлама түсті. Күдікті сауда орталығының дәлізіндегі адамдардың азайғанын байқаған соң құпия түрде қайырымдылық қорапшасын ашып, одан жиырма мың теңгені ұрлап кетті.

Кіші сержант Азат Ульянов пен Ердос Киікбай 2000 жылы туылған азаматты ұстап, одан әрі шаралар жүргізу үшін Ертіс ауданы полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру