Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мереке қарсаңында қарттарға көмек көрсетілді

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып саналады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамының орны ерекше. Бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып саналады. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Сол себепті 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп “Қарты бар ел — қазыналы ел”, – деп, елiмiзде аға толқын өкiлдерiне ерекше көңiл бөлiнедi.

ОВ-156/15 мекемесі 2020 жылға ішкі істер органдарының имиджін жоғарлату бойынша іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мақсатында мекеменің басшылары мен кадр саясаты бөлімі қызметкерлері қарияларға үздiксiз көмек көрсетiп тұрады. Бүгiнде Мария Дмитриевна Бойко — Ұлы Отан соғысының тыл ардагерi, қарияға күтiм мен құрмет ерекше қажет екенін ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері жақсы түсiнiп, аса жауапкершiлiкпен қарайды.


” 1 мамыр – Қазақстан мекен-жайына барып құттықтап, жиылған қаражаттан қарияға көмегімізді де беріп қайттық”, – деді мекеме қызметкері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру