Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 үйге ұрлыққа түскен ұры ұсталды

Алматы облысының полицейлері төрт үй ұрлығын “ізін суытпай” ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір аптада Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында күндізгі уақытта жеке үйлерден пластикалық терезелер арқылы төрт ұрлық жасалған. Күдікті ақша, алтын, күміс бұйымдар мен киім, техника және басқа да құнды заттарды қолды қылған. Барлық төрт дерек те ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша СДТБТ-де тіркелді.

– Құрылған жедел-тергеу тобы ізі суымай ұсталған күдіктінің төрт ұрлыққа қатыстылығын анықтады. Ұсталған Қаратал ауданы Үштөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны, ұсынылған дәлелдемелерден кейін, өз іс-әрекетін мойындап, өз еркімен ұрланған тонды және ең соңғы рет ұрлыққа түскен жерінен алынған ақша жиналған қобдишадағы 100 теңгелік тиын түріндегі қаражаттарды қайтарып берді. Ол ұрланған заттарды бірден Алматы қаласына апарып, базарларда бейтаныс сатып алушыларға сатқан, ол одан түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, – дейді Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Сейілханов.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды, жақында ол сот алдында жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру