Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Медицина қызметкерлері жауапқа тартылды

Ақтөбе полицейлері кең ауқымды “Дәрмек” жедел-алдын алу операциясының үшінші кезеңін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Дәрмек” операциясы 16-20 қараша аралығында өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы профилактикалық бағытқа ие, оның басты мақсаттары – жедел жағдайды тұрақтандыру және есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды сатып алу, сақтау және жою ережелеріндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі қызметті жандандыру. Операция аясында Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар дәрілік препараттардың айналымымен айналысатын емдеу және медициналық мекемелерді, дәріханалар мен ұйымдарды тексерді.

Операция жүргізу кезеңінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды емес айналымына байланысты төрт қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Төрт медицина қызметкеріне қатысты төрт әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

1 кг. 177,36 грамм “Марихуана” есірткі заттары табылып, тәркіленді, 2 500 ампула “Фентанил”, 90 ампула “Морфин”, 2 700 ампула “Промедол” есірткі препараттарын жауапты сақтауға берілді.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қалың жұртшылықтың назарын есірткінің зиянды әсеріне аударады, сондай-ақ есірткіні пайдалану мен таратуға байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ЕСКЕРТЕДІ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру