Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы – Жамбыл облысы полициясының бақылауында

Жамбыл облысының полициясы жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасын бақылауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16-22 қараша кезеңінде Жамбыл облысының ювеналдық полициясының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шараларды өткізді, оның барысында қаңғыбастығы үшін ІІО-на 75 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде екі жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Әкімшілік жауапкершілікке 129 ата-ана және басқа да ересек адамдар тартылды. Оның ішінде:

– заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін – үш ата-ана;
– сегіз кәмелетке толмағанның түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін жеті кафе-бар және мейрамхана иелері жауапқа тартылды;
– ҚР-ның алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін екі дүкен иесі жауапқа тартылды;
– сегіз кәмелетке толмағанның көңіл көтеру орындарында болғаны және 67 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын-үйден тыс жерде болғаны үшін 75 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Одан басқа ҚР ӘҚБтК-тің басқа баптары бойынша 44 хаттама толтырылды.

ІІО-ның есебіне сегіз кәмелетке толмаған, сондай-ақ алты жайсыз отбасы қойылды.

– Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы ПД ЖПҚБ басшылығының әрдайым ерекше бақылауында. Осы топтың күнделікті жұмысы қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту, – деп қорытты ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы Нүркен Абдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру