55 жастағы азаматша ҚР азаматының жеке куәлігімен құжаттанды
Шымкентте көші-қон қызметі 55 жастағы тұрғынға ҚР азаматының куәлігін алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының көші-қон қызметі 1965 жылы туылған азаматшаға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға көмек көрсетті.
Азаматша Раушан Кузенбаева Мақтарал ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы училищеде оқыған, ары қарай балалар санаториясында, венерологиялық диспансерде, шаруашылықта жұмыс істеген. Соңғы рет 1984 жылы 1974 жылғы үлгідегі ескі құжатпен құжаттанған. «Сана Сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің көмегімен азаматша Р.Кузенбаеваның туу туралы куәлігі қалпына келтіріліп, Еңбекші АПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен оған Қазақстан Республикасының азаматтығын анықтау бойынша іс-құжаттар жинақталып, Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қорытындысымен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылып, ҚР азаматының жеке куәлігімен құжаттанды.