Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін өрескел бұзған “Toyota Land Cruiser 200” автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкент тұрғындары жол ережесін өрескел бұзып, оны бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында “Instagram” әлеуметтік желісінде жол қозғалысы ережелерін бұзу жайты түсірілген видеоны анықтады.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында барлық құқық бұзушылар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Toyota Land Cruiser 200” автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 603-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату) (15 АЕК айыппұл) және ҚР ӘҚБтК  590-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) (5 АЕК айыппұл) хаттама толтырылды, ал “Mersedes bens s400” автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) (5 АЕК айыппұл) бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, “Toyota Land Cruiser 200” автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 1-бөлігі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару) (5 АЕК айыппұл), ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау) (5 АЕК айыппұл) және ҚР ӘҚБтК 603-бабының 2-бөлігі (Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) (айыппұл 25 АЕК) бойынша хаттама толтырылды.

Олар өз кінәсін мойындап, жүргізушілерді мұндай қателіктер жасамауға шақырды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкі барлық азаматтардан жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру