Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

66 жастағы ақтөбелік заңсыз есірткі өсірген

Ақтөбе облысының Қобда ауданында заңсыз есірткі өсіру фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 шілдеде полиция қызметкерлері “Қарасора-2020″ жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қобда ауданы Жиренқопа ауылының 66 жастағы жергілікті тұрғынын қолға түсірді. Полиция қызметкерлерімен 54 бұта, үш орама өсімдік, ерекше иісі бар зат тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” бұлтартпау шарасы таңдалған.

Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру, егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру