Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

7 пәтерді тонаған күдіктілер тобы құрықталды

Қостанай облысында пәтер ұрлаған күдіктілер тобы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Бес адам жеті пәтерге ұрлыққа түсіп, полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында жеті пәтер ұрлығын жасаған бес күдіктіні ұстады.

Ақпан айында полиция бөліміне пәтерден 30 мың теңге сомасында ақша салынған әйел сөмкесін ұрлап кеткендігі туралы хабар келіп түсті.

Сол күні 4- ш/а-да кіре беріс есігінің ішкі құлпын бұзу арқылы пәтерден ноутбук ұрланды. Келесі күні қаланың солтүстік бөлігінде пәтерден алтын бұйымдар мен ақша ұрланды. Жалпы шығын 300 мың теңгені құрайды.Барлық қылмыстардың қолжазбасы бір болды. Пәтер есігінің құлыптарын бұзып, қылмыскерлер керек затын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері бірқатар іздестіру шараларын жүргізді. Тергеу болжамы бойынша, күдіктілер жеке көлігімен лезде ісін суытып үлгерген.

Ұрлық жасалған жерде тұрған куәлар сұралды. Ауданында “Мерседес” көлігін бірнеше рет көргені анықталды. Ол көлікте 4 ер азамат болғандығы белгілі болды. Полиция қызметкерлері “Автоураган” жүйесінің көмегімен автокөліктің нөмірін анықтады.

Күдіктілерді ұстау кезінде пәтерден есіктерді ашуға арналған құралдар, ұрланған заттар, алтын табылды. Қазіргі уақытта барлық бес күдікті ұсталды. Олардың жасы 26-дан 35-ке дейін. Үшеуі бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Облыс аумағында 3-7 ақпан аралығында пәтер ұрлығын ашуға және алдын алуға бағытталған “Пәтер” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.Бес күн ішінде аймақта 27 пәтер ұрлығы тіркеліп , оның 23-і “ізін суытпай” ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру