Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Қызылорда облысының Полиция департаменті полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіретін қоғамдағы қауіп-қатерлердің бірі. “Ғасыр дертіне” айналып бара жатқан проблеманы ауыздықтау – басты мақсат.

Сондықтан да оны болдырмау, алдыниалу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Осы орайда Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшы құрамымен кездесіп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

– Сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылыққа қасақана жол бергендер заң аясында қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қатарымызда орын жоқ. Полицейлердің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттердің алдын алу шаралары жалғасады, – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраев.

Жауап қалдыру