Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазалы тұрғыны пробация инспекторына алғысын өлеңмен жеткізді

Қызылорда облысы Қазалы аудандық пробация бөлімінің есебіндегі азамат тәртіп сақшыларына алғысын өлең жолдары арқылы жеткізді, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Ол жаза басып, пробация есебіне 2019 жылы алынған. Оған Қазалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсетіп, оны қоғамға қайта бейімдеу бойынша шаралар қабылдаған.  Сонымен қоса, пробация қызметкерлері оған мемлекеттен қайтарымсыз грант алуға, жеке кәсіп ашуға көмек көрсетті.

Қателігін түсінген сотталған азамат пробация қызметкерлеріне алғысын өлеңмен жеткізді.

Санаға сәуле төгіп, жарық бөлген,

Бос қолға жұмыс қарап, тауып берген.

Кәсібіңнің нәсібін көрем десең,

Қайтарымсыз несие алып берген.

Пробация ұжымына шексіз алғыс,

Шектеусіз қамқорлығын халық көрген.

Әрбірі аман-есен жүрсін дейміз,

Орынын сый-құрметпен алып төрден.

Кең болсаң, пейіліңе береді Алла,

Сендерді теңемейін неге нарға.

Арқалап жүргендерің елдің жүгі,

Жақсылық жаршысына себеп ол да.

Мәртебе-мандаттарың жоғарылап,

Жетіңдер жарық жұлдыз генералға.

Қазалы пробация ұжымы боп,

Алда да бітіріңдер үлкен шаруа.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру