Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер кассадан ақша ұрлаған адамды қолға түсірді

Ақмола полицейлері кассадан ақша ұрлаған азаматты “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 3 наурызда Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғыннан белгісіз біреудің “Сырымбет” сауда үйінде орналасқан бутиктердің бірінің кассасынан 12 мың теңге ақша ұрлағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жарты сағат ішінде бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 45 жастағы ер адамды анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және ол Көкшетау қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұрланған ақшаны иесіне қайтарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру