Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды

Күдікті азамат есірткіні тікелей үйінен сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бес грамды құрайтын гашиш дозасы 3000 теңгеге сатылған. Есірткі сатушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 189,46 грамм гашиш табылды.

– Ол келесі дозаны сату барысында ұсталды. Ол қағазға ерекше иісі бар жасыл ұнтақ затты орап жатты. Бұл есірткінің қарапайым орамасы. Енді біз оның тауарды қайдан және қалай алғанын анықтап жатырмыз. Ұсталған 43 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу)
бойынша жүргізілуде. Ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру