Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде жас қыз жүк көлігі жүргізушісінің телефонын қолды қылған

Семей қаласы тұрғынының телефонын ұрлаған жас қыз құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының ПБ Солжағалау полиция бөліміне  Семей қаласының тұрғыны қаңтар айының соңында ұялы телефонының жоғалғаны туралы арызданды. Сол күні оның “Mitsubishi Fuso Canter” жүк көлігінен белгісіз азаматша ұялы телефонын ұрлап кеткен. Материалдық шығын 60 000 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 23 жастағы қызды анықтап, ұстады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру