Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 күнде 63 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының сегіз күнінде 63 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23-30 қараша аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында республика көлемінде “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, болдырмау және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтау.
Іс-шараның нәтижесі бойынша тіркелген 145 қылмыстың 93-і ізі суымай ашылса, іздеуде жүрген бес адам ұсталды.

Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың 103 дерегі анықталды.

– Есірткі заттарын заңсыз тасымалдаудың 13 дерегі;
– Заңсыз аңшы мылтығын сақтаудың тоғыз дерегі;
– Суық қару (пышақ) алып жүрудің 38 дерегі.

“Мүлдем төзбеушілік” тәртібімен төрт мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 170, ұсақ бұзақылық – 447, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде жүрген 476 адам жауапқа тартылды, қабылдау-тарату орнына 12 адам қамалды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 570 дерегі тіркелді, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқаруған 63, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырған 612, қарсы жолаққа шыққан 31, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеген 120, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзған 525 жайт анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру