Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды алдап, ақша тапқан ақтөбелік әйел қамауда

“WhatsApp” желісі арқылы “ақша айналдыру” айласымен азаматтарды алдаған күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқ республиканың әртүрлі аймақтарының азаматтарына қатысты үш алаяқтық жасаған. Жалпы шығын 965 мың теңгені құрады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша санкция бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мүліктік және басқа да маңызды мәмілелерді ресімдеу кезінде қырағы болуды, желілік алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді ұсынады. Сондай-ақ, интернеттегі кірісті көбейту және арттыру бойынша күмәнді акцияларға қатыспаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру