Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 сотталған кері түрмеге қамалуы мүмкін

Атырау облысында “Учаске” іс-шарасы аясында сегіз сотталған кері түрмеге қамалуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты Пробация қызметімен “Учаске” республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

– Күшейтілген іс-шара барысында Пробация қызметінің қызметкерлері Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін бақылап, олармен тәрбиелік мәні бар профилактикалық сұхбаттар жүргізіп жатыр,-дейді Атырау облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қабдолов.


Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталғанның мекен-жайына тексеріс жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, арнайы құқықтық-база арқылы сотталғандардың пробация қызметін хабардар етпей мекен-жайын ауыстыру, әкімшілік жауапкершілікке тартылу, шетелге шығу секілді істерді жасаған-жасамағандығын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

– Аталған тексеріс барысында 39 сотталған сот жүктеген міндеттерден жалтарғандығы анықталып, ескерту жарияланды және сегіз сотталғанға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру туралы сотқа ұсыным жолданды, – дейді Қабдолов.


“Учаске” республикалық профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру