Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұландықтар жоғалған бүлдіршінді жақындарына қайтарды

Шымкентте ұландықтар жоғалған бүлдіршінді жақындарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне Шымкент тұрғыны жақындап, өзінің жеті жасар қарындасын жоғалтып алғанын айтады. Қызбала ойнап жүріп, көзден таса болыпты. Өз бетінше іздеп көргенімен, қарындасы табылмапты.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Жандос Мұса бүлдіршіннің сипаттамасын алғаннан кейін патрульшілермен бірге іздеуге кіріседі.

Араға 30 минут салып, сағат 20:30 шамасында сипаттамаға келетін қыз бала Жангелдин көшесінің бойынан табылады. Белгілі болғандай, балақай аулада ойнап жүріп, үйінен қалай алыстап кеткенін байқамай қалыпты. Ұландықтар оны жақындарына тапсырады.

– Қарындасымыз жоғалғанын біліп, анам екеуіміз қатты уайымдадық. Абырой болғанда, ұландық жауынгерлердің арқасында оны тез тауып алдық. Сол үшін әскерилерге зор алғысымды білдіремін, – дейді қыздың ағасы.

Бүлдіршіннің анасы көрсеткен көмегі үшін Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімі басшылығынын атына алғыс хатын жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру