Шымкенттік полицейлер жоғалған 2 бас жылқыны тапты
Шымкенттік полицейлер жоғалған екі бас жылқыны тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласы «Пахатакор-2» шағынауданында жайылымда жүрген құны млн теңге тұратын 8 жасар бас биесін және құны 250 мың теңге тұратын алты айлық бас тайын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №64 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мал табылып, иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде тұрғын жоғалған малын тауып берген полиция қызметкеріне алғысын білдірді.