Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мекеме қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мұражайға барды

Қызылордада мекеме қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мұражайға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Сырдарияның сол жағалауында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығындағы тарихи мұражайға экскурсия жасады.

Мұражай қызметкері ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы мен мемлекетті дамыту барысында жасаған ерен еңбегіне тоқталып, «Тәуелсіздік жылдарында» атты үш залдағы экспозициялық құнды жәдігерлермен таныстырып, Қазақстанның маңызды оқиғалары мен хроникасы, тәуелсіздік кезеңінде болған оқиғалар, еліміздің ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы және қазіргі тарихтағы Елбасының рөлі жайында ақпараттарды жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру