БҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді
БҚО-да полицейлер бір килограмнан астам кептірілген марихуананы тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Синтетикалық есірткілерді өндіру және өткізу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Рефлекс» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «Вагонник» саяжай аумағындағы 47 жастағы азаматтың тұрғылықты жерін тексеру бойынша белгілі бір иісі бар және сұр-жасыл түсті зат салынған екі пакет табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1229,58 грамм құрайтын «кептірілген марихуана» екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (Өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз айналысу).