Атырауда 16 жеңіл жүрісті әйел есепке алынды
Атырауда 16 жеңіл жүрісті әйел есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы аумағында 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу кезінде ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша бір факті анықталды және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) – 24 адам, 450-бабы (Көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларын ұсыну) бойынша бір адам анықталып, хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.
Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысатын адамдар жиналатын жерлер, интернет-сайттар мен жарнамалық хабарландырулар тексеріліп, ғаламтор желісінде орналасқан Kizdar.Net сайты бойынша тексеру өткізілді. Нәтижесінде, жыныстық қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 16 жезөкше қыздар анықталып, оларға профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, барлығы «жеңгетай-жезөкше» санатына есепке қойылды.