Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскте түнде дүңгіршектерді тонап кеткен ер адам ұсталды

Шахтинскте түнде дүңгіршектерді тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қарашада түнгі сағат 01.00 шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне дүңгіршектердің біріне ұры түскені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тергеу тобы жетіп, жәбірленуші 46 жастағы жеке кәсіпкерден белгісіз біреу кассадан 15 мың теңге және сусынды тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру