Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының ПД-де үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД-де үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД-де салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынды облыстық ПД-нің басшысы Ерлан Файзуллин ашып, қызметкерлерді құттықтады.

– 1 желтоқсанда елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтеді. Бұл мереке – Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен қызметтері, тәуелсіз Отанымыздың дамуына қосқан үлесі үшін көрсетілген құрмет. Осындай мықты да беделді саясаткердің 1991 жылы 1 желтоқсанда президенттікке сайлануы еліміздің дамуын тұрақтандырудың маңызды факторы болды. Ұлт көшбасшысының дана да салиқалы саясаты дамудың жаңа қазақстандық моделінің қалыптасуына әкелді. Ал біз бұл бағыттағы ілгерілеуді сәтті жалғастырудамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу Тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде халықтың рухани бірлігін нығайтуға, қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға, елде болып жатқан оқиғаларға жеке қатысуға және Отан тағдыры үшін жауапкершілік, азаматтардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге өз еңбегімен үлес қосуға дайындығы, – деп атап өтті кіріспе сөзінде.

Одан кейін қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен облыстың ПД бастығының бұйрықтары жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен – 1 қызметкер, ҚР Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен – 15 қызметкер, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен 10 қызметкер, “Ішкі icтep органдарының үздігі” төсбелгісімен – 15 қызметкер, алғыс хатпен 20 қызметкер марпатталып, 25 қызметкерге алғыс айтылды. Сонымен қатар, екі қызметкерге мерзімінен бұрын жоғары шен беріліп, тағы екеуіне бір саты жоғары шен тапсырылды.

Сондай-ақ, ПД-нің басшысының өкімімен 67 қызметкерге облыстық ПД грамотасы, 51 қызметкерге облыстық ПД-нің алғыс хаты, 44 қызметкерге алғыс айтылды.

– Бұл үлкен құрмет. Мені ұсынған басшылыққа рақмет. Барша әріптестерімді келе жатқан мерекелерімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын, – деді мерзімінен бұрын “полиция полковнигі” шенін алған Абай аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары Евгений Әбішев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру