Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ГАЗ-53 жүк көлігінің жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті

Ақтөбеде ГАЗ-53 жүк көлігінің жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында ГАЗ-53 жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі К.Нокин даңғылымен №5 емханаға қарама-қарсы жерде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 19 жастағы қызды қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

10 ай ішінде Ақтөбе облысында 152 ЖКО орын алды, 14 адам қайтыс болып, 141 адам жарақат алды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қозғалыс қатысушыларына жаяу жүргіншілер өткелінде абай болу қажеттігін тағы да еске салады. Жүргізушілер жылдамдықты төмендету, жаяу жүргіншілер өткелінде абай болу қажеттігін ұмытпауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты азайтыңыз немесе тоқтаңыз, ал жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде олардың өтіп кететініне көз жеткізіңіз, жаяу жүргіншілердің жаяу жүргіншілер өткелінде сөзсіз артықшылығы бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру