Алматыда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларын бұзақылық жасамауға шақырады
Алматыда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларын бұзақылық жасамауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері психологтармен бірлесіп, қаланың барлық мектептерінде тақырыптық дәрістер өткізді.
– 5-11-сынып оқушыларымен жоспардан тыс кездесуге таяуда орын алған жасөспірімдердің өрескел тәртіпті бұзу фактілері себеп болды. Мәселе қоғамдық көліктің төбесінде жастардың отшашуды қолданған заңсыз эпизодтары, сондай-ақ 12-13 жастағы балалар өздерінің бұзақылық ниетімен бірнеше қоғамдық көліктің терезелерін сындырған оқиғасы туралы болып отыр. Оның үстіне олардың ешқайсысы іс-әрекеттерінің салдары туралы ойлаған жоқ. Адамдар зардап шегуі мүмкін еді. Дәрістер барысында жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді және ой елегінен өтпеген, бұзақылық әрекеттердің салдары да айтылды. Өйткені, әрбір адам жасына қарамастан жасаған әрекетіне жауапты болуы керек, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Баяндамашы сондай-ақ, назар аударарлық ерекшелікті атап өтті. Бұзақылық әрекеттер назар аудару (хайп), қанағаттану, басқалардың қадір-қасиетін елемеу арқылы өзін-өзі растау, әдейі дөрекілік пен қатыгездік арқылы қоғамды сынауға ұмтылумен сипатталады.