Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан Шу тұрғыны ұсталды

Шу ауданында мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу ауданы полиция бөліміне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Шу ауданы Төлеби ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы, яғни дайындап жатқан терроризм актісі жайлы хабарлаған.

Полиция қызметкерлерімен жедел түрде тиісті шаралар қолданылып, мектеп ғимаратынан 300-ден астам адамды эвакувациялау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады.

Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру