Жамбыл облысының ПД бастығы тұрғындармен кездесті
Жамбыл облысының ПД бастығы тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында Тараздағы бірнеше учаскелік полиция пункттерінде болып, олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысқаны туралы хабарлады.
– Тәулік бойы қызмет атқаруға, азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалғанына көзім жетті, сондай-ақ бейнебақылау камералары учаскелік полиция инспекторының кабинетіндегі экранға шығарылған, – деп атап өтті ол.
Қарасу иінінде Жанат Сүлейменов учаскелік полиция пунктінде тұрғындармен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді, оның ішінде жергілікті полиция қызметін жұмыстың сервистік моделіне көшіру туралы талқылады, себебі онда учаскелік инспекторларға маңызды рөл бөлінген. Бұл модель қадамдық қолжетімділік, тұрғындармен тығыз серіктестік секілді халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарын білдіреді.
Халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында учаскелік полиция пункттерінің саны артып, олардың материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Облыс аумағында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін 27 стационарлық және 25 учаскелік полиция пункттерін салу жоспарлануда (2021 жылы – 5 УПП, 4 СПП). Олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен қарым-қатынас орнатуға, жұртшылықты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ПД бастығы қала тұрғындары тәртіп сақшыларына белсенді көмек көрсетуде екенін айтты. Бұл ретте Қарасу иінінің тұрғындары жақсы үлгі болуда. Кездесу барысында 2 қоғамдық көмекшіге грамоталар табыс етілді. Осындай бастамашыл азаматтар құқық бұзушылықтың алдын алуға жәрдемдесуде.
Кездесу барысында тұрғындар әртүрлі сұрақтар қойып, толық жауаптар алды. Олар учаскелік полиция инспекторларына кәсіби шеберлігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс айтты.