Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің базарында тұрғынның әмиянын ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Шымкенттің базарында тұрғынның әмиянын ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданды Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында қаладағы базарда белгісіз біреу қол сөмкесінде болған әмияны мен ақшасын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Яғни, ұры арызданушының сауда-саттық жасап тұрған сәтін пайдаланып, сөмке ішіндегі әмиянын және 65 мың теңгесін қолды еткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Полицейлер ұрлық жайты болған аумақтың бейнебақылау камераларын қарады, сондай-ақ басқа да азаматтардан көрген-білгендерін сұрады.

Нәтижесінде, ұрлық жасаған азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру