Теміртауда екі әйел зейнеткердің 3 млн теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті
Теміртауда екі әйел зейнеткердің 3 млн. теңгеге жуық ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 87 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы зейнеткер белгісіз біреулердің оның 2 миллион 732 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтты.
Екі ер адам әжейдің пәтерін қағып, өздерін су құбырын жөндейтін мекеменің жұмысшылары деп таныстырған. Олар су сүзгілерін тегін ауыстырып жатырмыз деп мәлімдеген. Жәбірленуші сеніп, «жұмысшыларды» пәтерге кіргізген. Ал олар кеткеннен кейін зейнеткер өзінің жинақ ақшасының жоғалғанын анықтады.
28 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерлерді – Нұр-Сұлтан қаласының 21 және 33 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.