Полицияның сервистік моделі: Атырауда 800-ге жуық тұрғыннан сауалнама алынды
Атыраулық полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп 800-ге жуық тұрғыннан сауалнама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25-26 қараша күндері жұмыс тобының мүшелері және Х.Досмұхамдеов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері еріктілер ретінде жұмылдырылып, сауда орындарында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 800-ге жуық адам қатысты.
Алдағы уақытта жүргізілген сауалнаманың қорытындысы зерделеніп, нәтижесі шығарылатын болады.
Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында тұратын адамдар арасында құқық бұзушылық факторлары бойынша чек парақтарын толтыру және полицияның қызметі жөнінде сауалнама жүргізуде.
Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында облыстың барлық учаскелік полиция инспекторлары WhatsApp мессенджерінде чат ашты. Оған 300-ге жуық үй иелері, ПИК және ауыл тұрғындары қосылды. Әр учаскелік полиция инспекторы Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшаларын ашып, күнделікті атқарылып жатқан жұмыстары туралы жазбалар шығаруда.