Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицияның сервистік моделі: Атырауда 800-ге жуық тұрғыннан сауалнама алынды

Атыраулық полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп 800-ге жуық тұрғыннан сауалнама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25-26 қараша күндері жұмыс тобының мүшелері және Х.Досмұхамдеов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері еріктілер ретінде жұмылдырылып, сауда орындарында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 800-ге жуық адам қатысты.

Алдағы уақытта жүргізілген сауалнаманың қорытындысы зерделеніп, нәтижесі шығарылатын болады.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарында тұратын адамдар арасында құқық бұзушылық факторлары бойынша чек парақтарын толтыру және полицияның қызметі жөнінде сауалнама жүргізуде.

​Сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында облыстың барлық учаскелік полиция инспекторлары WhatsApp мессенджерінде чат ашты. Оған 300-ге жуық үй иелері, ПИК және ауыл тұрғындары қосылды. Әр учаскелік полиция инспекторы Facebook әлеуметтік желісінде өз парақшаларын ашып, күнделікті атқарылып жатқан жұмыстары туралы жазбалар шығаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру