Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезөкшелікпен айналысатын және ҚР аумағында заңсыз жүрген 4 азаматша Ақтау қаласы ПБ-ға қамалды

Жезөкшелікпен айналысатын және ҚР аумағында заңсыз жүрген төрт азаматша Ақтау қаласы ПБ-ға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Маңғыстау облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “Stop-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны өткізу барысында өңірлік ПД Криминалдық полиция қызметкерлері адам саудасы бойынша 7 қылмысты анықтады, оның ішінде алты дерек – ҚР ҚК 309-бабы бойынша (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық).

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция моншаларды, қонақ үйлерді, ойын-сауық орындарын және жезөкшелер мен притондардың басқа да мүмкін болатын орындарын тексерді, құқық бұзушылар полицияға жеткізілді және есепке алынды.

Нәтижесінде «жезөкше» санаты бойынша 41 адам, «сутенер» санаты бойынша екі адам есепке қойылды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиісу бойынша 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жезөкшелікпен айналысатын және ҚР аумағында заңсыз жүрген төрт азаматша Ақтау қаласы ПБ арнайы қабылдап-тарату орнына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру