Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер бөтеннің 8 қойын ұрлаған екі ағайындыны құрықтады

Шымкенттік полицейлер бөтеннің 8 бас қойын ұрлаған екі ағайындыны құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу мал қорасына кіріп, 8 бас қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі – 560 мың теңге.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, шымкенттік ағайынды азаматтар анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған екеуге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру