Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ресейден көлік әкеліп беремін: қарағандылық алаяқ Шымкент тұрғынын алдап кетті

Қарағандылық алаяқ Ресейден көлік әкеліп беремін деп шымкенттікті 150 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Абай ауданы Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы Ресейден автөкөлікті арзан бағамен әкеліп беремін деп алдаған. Тұрғынды әбден сендіріп, 150 мың теңгесін иемденген. Алайда арада уақыт өте не көлік әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Қарағанды қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру