Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында интимдік қызмет көрсеткен 15 қыз және 3 сутенер анықталды

Ақтөбе облысының аумағында «Ѕtop-трафик» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, моншалар, сауналар мен қонақ үйлерді, сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарын ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілерін тексерді.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы барысында қоғамдық орындарда тиісудің 63 дерегі анықталды. Үш дерек негізінде ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) және бір дерек негізінде ҚР ҚК-нің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар берудің үш дерегі анықталды. Ақшаға интимдік қызмет көрсеткен 15 қыз және үш сутенер анықталды және есепке алынды. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру