Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас тұрғын балалар арбасын ұрлап, қайын енесіне сыйлаған

Павлодар облысында мас тұрғын көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған балалар арбасын ұрлап, қайын енесіне сыйлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тереңкөл ауданының полициясына жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің кіреберісінен балалар арбасының жоғалып кеткенін хабарлады.

Полиция қызметкерлері қысқа мерзімде күдікті 25 жастағы азаматты анықтады.

Қараша күндерінің бірінде ер адам үйде ішімдік ішіп отырып, мерекені жалғастыру үшін туыстарына қонаққа барған.

– Туыстарының үйіне келісімен кіреберісте тұрған балалар арбалары оның көзіне түскен. Көп ойланбастан, ол ең әдемісін таңдап, алып кеткен. Арбаны «досым бере салды» деп қайын енесінің үйіне алып келген, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Әсет Төлеутаев.

Таңертең есін жиып тұрған ер адам балалар арбасын қайдан және неге алып келгенін түсінбеген. Ол арба иелерінің полицияға арыз жазғанын білгенде, оны алған жерге қайтарып әкеліп, сол үйдің артына қалдырып кеткен.

Арба өтініш берушіге бүтін күйінде тапсырылды. Ал ауыл тұрғыны өзінің теріс әрекеті үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беруі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру