Шығысқазақстандық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды
Шығысқазақстандық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27-30 қарашасы аралығында Алматы қаласында қоян-қолтық ұрыстан ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының кубогы үшін VI ашық республикалық турнир өтті. Оған 250 спортшыдан 39 команда, оның ішінде ҚР ІІМ құрама командасы да қатысты.
ҚР ІІМ құрама командасының құрамында ШҚО ПД қызметкері Асылбек Смайлов 85 келі салмақ дәрежесінде қоян-қолтық ұрысқа шығып, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында өз салмағында чемпион атанды.
Жақында ғана халықаралық додада чемпион атағын қорғаған Айбек Саметаев осы жолы да өз кәсібилігін дәлелдеп, 90 келі салмақ дәрежесінде күміс медальмен марапатталды. Бала кезінен спортпен шұғылданатын Айбек пен Асылбек, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері болып табылады. А.Саметаев пен А. Смаиловтың жарысқа қосқан үлесі арқасында ҚР ІІМ құрама командасы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, бірінші орынға шықты.