Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны үшін ұсталды

Алматы тұрғыны заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу анықтағандай, 40 жастағы К.есімді ер адам Өзбекстанның 8 азаматына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.

– Шетелдіктер Алматының Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде анықталды. Өзбекстан азаматтары салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатты. Бұл дерек рейд барысында анықталды. Жұмысшылар ПД-нің қабылдап-тарату орнына жатқызылды, ал олардың жұмыс берушісі ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес құқық бұзушылық белгілері бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсаннан бастап Алматыда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру