Шу ауданында 16 қойды ұрлап кеткен жігіт қолға түсті
Шу ауданында 16 бас қойды ұрлап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шу ауданының полиция бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғын 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Шоқпар ауылына іргелес аумақта орналасқан жеке шаруашылықтың жайылымынан белгісіз біреу 16 бас қойды ұрлап кетіп, 550 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы шағымданды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу қаласының 18 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.