Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

17 жастағы қостанайлық студент жоқ пәтерлерді жалға берген

17 жастағы қостанайлық студент жоқ пәтерлерді жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың қараша айында Рудный қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан пәтерді жалға алғаны үшін 15 мың теңге сомасындағы қаражатын белгісіз тұлғаның иемденгені туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ПД КПБ қызметкерлері Рудный қаласының ПБ-мен бірлесіп, Olx.kz сайтында Рудный және Қостанай қалаларында пәтерлерді ұзақ мерзімге жалға беру фактісі бойынша жалған хабарландырулар орналастырған 17 жастағы күдіктіні ұстады.

Жігіт өз әрекетін қаражат қажет болғандығымен түсіндірді.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-тармағы 4-тармағында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. Жігіт осыған ұқсас екі факт бойынша күдікті ретінде ұсталып, жауап алынды.

Бұған дейін облыстық ПД КПБ киберқылмыспен күрес бөлімі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында жоқ шөпті сатқан облыстың төрт тұрғынын ұстады. «Сатушылар» жарнамалары Olx.kz сайтында орналастырған.

Ер адамдар осыған ұқсас 10-нан астам фактілерді жасады деп күдіктелуде. Қылмыстық істер іс жүргізуде, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру